Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қараша, 2017

937

Ақтоғай ауданындағы оқыту семинары

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау, дау-дамайларды шешудегі медиация институтының ерекшелігін  насихаттау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 31 қазаны күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Ақтоғай ауданында «Медиация – дау-дамайларды шешудің оңтайлы тәсілі» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

Аталған іс-шараға Ақтоғай ауданының әкімі С.М.Әбеуова және ауылдық округтерінің әкімдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сонымен қатар Ақтоғай және Шет аудандарының белсенді жастары және Ақтоғай ауданының  барлық ниет білдіруші азаматтары атсалысты.

Оқу семинары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді. Семинардың модераторлары ретінде – Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы, кәсіби медиатор С.М.Шардарбекова, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының  профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Жасқайрат, «Мир добра» ҚБ президенті, кәсіби медиатор Т.А.Абрамова және «Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты» ММ баспасөз хатшысы, Қарағанды облысының 2017 жылғы үздік кәсіби медиаторы Е.Ж.Жәнібеков қатысты.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушаларға сертификат табысталды.

Оқу семинарынан кейін Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Ақтоғай аудандық сотында медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді Ақтоғай аудандық сотының төрағасы М.З.Қасымбеков ашты.

Іс-шараға Ақтоғай аудандық сотының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және БАҚ қатысты.

Дата события ассамблеи: 01.11.2017

Кейін қарай