Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2016

1327

Алғыс айту күніне дайындық

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» МКК- нің басшысы Александр Ажгалиев  орталық коммуникациялар қызметінде Алғыс айту күніне дайындық барысы  туралы  мәлімдеді.

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанда биылғы жылы алғаш рет Алғыс айту күні атап өтіледі. Алғыс айту күні – бұл ортақ тарих негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті  бейнелейтін мейрам болады. Бұл ең алдымен, қиын-қыстау уақытты бірге өткерген және ең қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды ортақ күшімен бірге құрған азаматтардың, тұтас Қазақстан халқының бір-біріне деген құрметі. Бұл ортақ тарихымызға, рухани дәстүрлерімізге, қайырымдылығымызға және қуғын-сүргін мен жер аудару жылдары қазақ даласына келген адамдарға көмектесуге, қолындағы барын бөліп беруге дайын болған халыққа  тағзым ету.  Алғыс айту күні - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні аталып өтеді. Мейрамды атап өту мақсаты  -  бейбітшілікті, қоғамдық келісімді,  қазақстандық патриотизмді нығайту болып табылады,  - деді Александр Құмарұлы

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер, облыстың білім беру, мәдени, медицина мекемелерімен бірге Алғыс айту күнін атап өту шеңберінде биылғы жылы бірқатар іс-шаралар дайындады: облыс бойынша олар 100-ден астам, көпшілігі қайырымдылық сипатқа ие. Олардың ішінде келесі маңызды шараларды атап өтуге болады –бұл сынып сағаттары, мектептердегі, колледждердегі дөңгелек үстелдер, атақты спортшылармен кездесулер, «Қарттар – асыл қазынамыз» атты қарттар үйіндегі мерекелік қайырымдылық іс-шаралар. 

Осы күндері облыста  «Ақ халатты абзал жандар» атты ауруханалар мен емханаларда «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.  Акция шеңберінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша   «Алғыс, бата ал»  атты  іс-шара ұйымдастырылды.  Қаламыз бен облысымыздың кәсіпкерлері соңғы жылдары дағдарысқа қарамастан жақынға көмектесуден тайынған емес, олардың барлығын атап өту мүмкін емес, әрине, алайда, БҚО ҚХА атынан мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп келген тұлғаларға АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіреміз.

Облыстың барлық кітапханаларында «Ашық есік күндері» өтеді,  театрларда балаларға арналған қойылымдар, қала мұражайлары осы күні барлық келушілерге есіктерін айқара ашады.

«Барлық іс-шаралар ішінен – «Сүйінші», «Мейірімділік шуағы», «Ақ бата ал»,  «Ризамын өмірге», «Шын жүректен» және тағы басқа қайырымдылық сипатқа ие және халықты біріктіруге бағытталған игі ісөшараларды атап өткен жөн.

 

 

 

Толкын Нургуатова

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» МКК баспасөз хатшысы

Кейін қарай