03 Наурыз, 2016
1277
«Алғыс, бата ал» және «Сүйінші» акциялары
Таңғы 09.00-дан кешкі 18.00-ге дейін «Такси Сити» жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорыны қаланың зейнеткерлеріне Алғыс айту күнінің құрметіне жолақысыз жүру мүмкіндігін сыйға тартты. Тек қана зейнеткерлер такси жүргізушілеріне зейнеткерлік куәлігін көрсетсе болғаны – жүрулері тегін. Кешке дейін 532 зейнеткер жолаушыға осындай қызмет түрі көрсетілді. «Такси Сити» компаниясының құрылтайшыларының бірі Марат Қайырғалиев:
-Бұндай акция былтырғы жылы қазан айында Қарттар күніне орай жарияланса, биыл Алғыс айту күніне орай өткізіліп отыр. Мен үшін үлкендердің батасын алу - ол халқымыздың тәрбиесі зор даналығы, біздерге бір ерекше рух беретін дәстүр деп ойлаймын, - деді кәсіпкер.
Алғыс күнін атап өту аясында қан орталығында Ашық есік күні өткізілді. Алғыс айту күнін мерекелеу барысында қала тұрғындары өзінің қан тобы мен резус факторын, қан қысымын тегін анықтауға мүмкіндік алды. Осы күні келген донорларға құттықтау лебіздері арналып, алғыс хаттар табысталды. Қала перзентханаларында өткізілген «Сүйінші» акциясында БҚО ҚХА аналар кеңесінің мүшелері Рада Хайрушева мен Назгүл Ихсанова белсенділік танытты. Олар жас аналарға гигиеналық заттар, тамақ және балалардың керек-жарақтарын сыйға тартып, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан әдемі хаттар табыстады.
Қалалықтарды тағы бір қуатқан жағдай – «Haiers» сұлулық салоны мен ҚХА татар этномәдени бірлестігі мүшелерінің қала ханымдарының шаштарын әдемілеп тегін қиып және сәндеп беруі болды. Келушілер соншалықты көп болғандықтан, уақытты ұзартуға тура келді – 42 клиентке шаштараз қызметін көрсеткен салон қызметкерлері алғысқа бөленіп жатты. Татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Флюра Миликеева М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, жағдайлары төмен отбасыларынан шыққан студенттерге көмек көрсетті. Әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Н. Мамедов болса Ж. Досмухамедов атындағы колледжде оқитын студент балаларға көмек көрсетті. Сондай ақ, неміс, шешен , корей этномәдени бірлестіктері де балалар үйіне, колледждерге барып қайырымдылық іс-шараларын өткізді.
Толқын Нұрқуатова
БҚО әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан киберспорт федерациясының вице-президенті Е.Черваковпен, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Г.Шиповских және А.Сатвалдиевпен кездесті
1 Мамыр, 16:02
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
1 Мамыр, 12:42
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
30 Сәуір, 21:13
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
1 Мамыр, 12:29
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
сегодня, 10:28
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы