16 Сәуір, 2016
1477
Қалалық Ғ. Мұратбаев атындағы кітапханада өткен кездесу
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді біздің дана халық. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық болған жерде қаншама нәтижелі жұмыстардың болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар татулығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.
Қалалық Ғ. Мұратбаев атындағы кітапханада Қазақстан этностары арасындағы достықты дәріптеу мақсатында «Бірлігі жарасқан Қазақ елі» тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Кеш барысында кітапхана меңгерушісі Агигаева Қарлығаш «Ынтымақ, бірлік, бейбітшілік» сөздеріне жиналғандар алдында жалпы түсінік берді. Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг жүргізу бөлімінің әдіскері Кенжебай Өмірбеков Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде бейбітшілік пен келісімді қолдаудың тиімділігіне, Ассамблея ұғымы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың ерекше құбылысына айналғанына тоқталды.
Кеште №35 орта мектебі оқушылары дайындаған әдеби-музыкалық монтаж тамашаланды. Ал, 4-сынып оқушылары дайындаған «Дос болайық бәріміз» атты ән қатысушылардың тарапынан зор қошеметке ие болды. Скайп арқылы өзге ұлттардың достық лебіздері тыңдалды. Кеш қонақтары өз сөздерінде Қазақстанның жалпы өсіп-өркендеуі достық пен ынтымақтастықтың арқасында болып жатқанына тоқталды. Кеш барысында оқырмандар назарына «Достық біздің тірегіміз» атты кітап көрмесі ұсынылып, «Қазақстан - қара шаңырағым» атты фотоальбом кітабына шолу жасалды.
К. Өмірбеков, Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг жүргізу бөлімінің әдіскері
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады