Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қыркүйек, 2016

748

Қалалық практикалық конференция

21 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы Руханият облыстық музейінде «Конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы дін мен дәстүрдің рөлі» тақырыбында қалалық практикалық конференция өтті. Оның жұмысына Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми – сараптамалық топтың мүшелері, тарих ғылымдарының докторы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры Р.А. Бекназаров «ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы Қазақстандағы діни ахуал» және философия ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің саяси – әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Ү.Қ. Сарсембин «Мемлекеттің тұтастығын сақтау жолындағы қазақ халқының діни тағылымы» тақырыбында баяндама жасады.

Ал украиндердің «Оксана» ұлттық-мәдени орталығының төрағасының   орынбасары Т.В. Нечитайло «Сохранение культуры и укрепление межнационального согласия» және «Шатлык» Ақтөбе облыстық татар башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Н.А. Акчурина «Укрепление мира и добра между народов и о работе центра» тақырыбында өз пікірлерін ортаға салды.

Іс-шараға діндердің өкілдері, ғылым, «Аңсар» ақпараттық – талдау орталығының  маманы, «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, қалалық музей қызметкерлері,  студенттер мен қала жастары қатысты.

«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай