Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Шілде, 2021

412

Алматыда домбыра күніне арналған О.Сәрсенұлының «Қызылқұм сарыны» атты кеші болды

Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар кітапханасында Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында күйші Оразбек Сәрсенұлының «Қызылқұм сарыны» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға қатысушыларды ұлттық домбыра күнімен жазушы Қадырбек Сегізбаев құттықтап, бұл мереке-домбыра күнін әрбір қазақстандық үшін үлкен рухани құрмет және ортақ құндылық ретінде түсіну керектігін атап өтті.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасының меңгерушісі, профессор Төлепберген Тоғжанов оңтүстік өңірдің шығармашылығы туралы айтып, қонақтарға арналған «Қимас достық» күйін орындады. Іс-шара аясында «Жиделібайсын күй» мектебінің көрнекті өкілі Оразбек Сәрсенұлының шығармашылығына арналған «Күй – аманат» байқауының жеңімпаздары сөз сөйледі. Байқаудың бас жүлдегері, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Нұрлан Түменбаев «Күлтір-мамай», «Мамайдың жорғасы» күйлерін орындады, бірінші орын иегері Лунара Мауетбек «Жүсіп» және «Сырласу» күйлерін шертіп берді.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысушыларға Оразбек Сәрсенұлының күйлеріне арналған «Аманат» қазақ күйлері антологиясы» және «Қызылқұм сарыны» атты кітаптар ұсынылды.


Кейін қарай