Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Мамыр, 2021

323

Алматыда қоғамдық келісімді нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі талқыланды

2021 жылғы 5 мамырда онлайн форматта этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған семинар, тренингтер мен кездесулердің жоспар-кестесін іске асыру шеңберінде «Қоғамдық келісімді нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі» республикалық семинары өтті.

Практикалық семинар этносаралық қатынастарды реттеудегі тәсілдерді жетілдіру, осы саладағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған.

Онлайн іс-шара жұмысына ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ҚХА өңірлік құрылымдарының өкілдері (ақсақалдар, аналар, жастар кеңестері, журналистер клубы, ҒСТ), Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының, этномәдени бірлестіктердің жастары, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері студент жастар, қатысты.

Семинарды Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З. Е. Қабылдинов ашып, жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Г.И.Шойкин құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқын біріктірудегі қоғамдық рөл атқарғанын, оның мәдени-тілдік байлығын сақтай отырып, азаматтық қоғам институтының маңызды өкілдерінің бірі болып табылатынын, этностармен үнемі жұмыс істеп, олардың мемлекеттік міндеттерді шешуге кеңінен тартылуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі М.Қ.Ахетов семинарға қатысушыларды құттықтай отырып, этномәдени бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік тілді үйренуге зор мән беретініне тоқталды. Жастар ағартушылық, оқыту жобаларына белсенді қатысады. Қазақ тілін меңгерген қазақстандық этностардың танымал тұлғаларын үлгі ету негізінде мемлекеттік тілді оқыту бойынша ынталандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.У.Нурымов Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі туралы айтып берді. Ұйғыр бірлестігі қызметінің табысты бағыттарының бірі қайырымдылықты дамыту болып табылады. Пандемия кезінде қайырымдылық жұмыстары ерекше жанданды.

Н.А. Тифанциди Алматы облысы гректер қоғамының төрағасы, Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылының № 17 орта мектебінің директоры өз сөзінде Қазақстан этностарының өзіндік ерекшелігі бар, ұлттық салт-дәстүрлерге, өзіндік рухани құндылықтарға ие екенін атап өтті. Халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді құрметтеуге және сыйластықты қалыптастыруға тәрбиелеу, жас ұрпақты ұлттық мәдениеттің бастауларымен таныстыру, этномәдени кеңістікті кеңейту мақсатында № 17 мектеп базасында олар «Біз Қазақстандықтармыз!»атты жобаны жүргізеді.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің магистранты Богдан Петров «Этноконфессиялық келісімді нығайту контекстіндегі журналистік қоғамдастықтың рөлі» тақырыбында сөз сөйледі. Ол бұқаралық ақпарат құралдарының алдында ұлттық мәселелердің барлық қыр – сырын ескере отырып, ҚХА қызметін сауатты көрсету маңызды міндет екендігін атап өтті.

Этносаралық қатынастар саласындағы сарапшы-психолог, психология магистрі Л.С.Шакимова этносаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен және белгілі бір практикалық ұсыныстармен бөлісті. Семинарға қатысушылар сындарлы диалог, қоғамдық бірлестіктер қызметінің бүгінгі шындыққа тән өзекті бағыттары талқыланғанын атап өтіп, ортақ пікір білдірді.

Іс-шараның модераторы З.Е.Қабылдинов барлық спикерлерге Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты басып шығарған кітаптарды сыйға тартты. Семинардың ұйымдастырушылары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласы Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету басқармасы.

Кейін қарай