05 Тамыз, 2016
673
Алматыдағы «Медиация күні»
2016 жылғы 5 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында Алматы қаласының республикалық Достық үйінде «Медиация күні» республикалық акциясы және медиация кабинетінің ашық есік күні өтті.
Іс-шараның басты мақсаты ҚХА медиация институтын кеңінен таныту және оның қызметін дамыту, халық арасында даулы және шиеленісті жағдайларды сотқа жеткізбей шешу мәдениетін қалыптастырып, дамыту.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының арасында қол қойылған меморандумға сәйкес өткізілді.
Іс-шараларға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, медиация орталықтарының басшылары мен мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Жарасым» РЖҰ мүшелері, аудандық соттардың судьялары, қалалық соттардың судьялары мен отставкадағы судьялар, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Медиация күні» республикалық акциясының салтанатты ашылуы барысында Алматы қалалық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы –
Ни Любовь Августовна модераторлық жасады.
Алғысөз Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Питаленко Леонид Николаевичқа берілді.
Келесі кезекте Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Әбдалиева Маргарита Әбубәкірқызы сөйледі.
Медиацияның қоғамдағы рөлі мен ҚХА медиация институтын дамыту туралы алға қойылған жоспарлары туралы сөз сөйлегендер: Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров К.В., Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Асиев Ш.А., «Ахыска» этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Войнце А.В., «Қазақстан дүнгендер қоғамы» ҚБ төрағасы Кожаханова Г.А., Алматы қаласы азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы, татуластыру рәсімдерінің үйлестірусіші, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Кобеева А.О.
Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің атынан кәсіби медиаторларды алғыс хатпен марапаттау рәсімі өткізілді.
«Медиация күні» республикалық акциясы және медиация кабинетінің ашық есік күні аясында республикалық Достық үйінде кәсіби және кәсіби емес медиаторлар азаматтарды қабылдау жүргізді. Азаматтар түрлі сұрақтар бойынша ақыл-кеңес алды. Медиация кабинетінің үйлестірушілері мен сенім телефоны белгіленген буклеттер мен флаерлар таратылды. Қатысушылардың хабардарлығын бақылау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен қоса, «Медиация күні» республикалық акциясының салтанатты ашылуына 90-нан астам адам қатысты. Кәсіби және кәсіби емес медиаторларға кеңес алуға 12 азамат, оның екеуі қарыздық қарым-қатынас пен тұлғааралық шиеленіс мәселелері бойынша арыздарын калдырды.
Кәсіби емес медиаторлардың дағдыларын арттыру мақсатында мастер класс ұйымдастырылды.
Медиация институтын дамыту және нығайту мақсатында қатысушылар халық арасында ақпаратты тарату жұмысын күшейту туралы, сонымен қатар басқа да құқықтық институтармен өзара қарым-қатынасты нығайту жайлы ұсыныс жасады.
Ұйымдастырушылар:
- республикалық Достық үйінің жұмысын қамтамасыз ету қызметі;
- Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы;
- Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағанды облысында «Медиация, дау-дамайларды реттеу, этномедиация» тақырыбында іс-шара өтті
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні»
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы
-
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қазақстан халқы тілдері күні» іс-шарасы
-
Қызылордада «Медиация 10 жыл» атты форум өтті
28 Қараша, 18:37
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
26 Қараша, 21:00
ҚЫЗЫЛОРДА Қ. АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
вчера, 02:06
Ассамблея «Qazaq Cybersport»-қа қазақ тілінде комментаторларды дайындауға қолдау көрсетеді
вчера, 18:21
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. ұйғырлар этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесу өткізді
вчера, 18:19
Шымкент қаласында Ахыска түріктерінің 80 жылдығы атап өтілді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағанды облысында «Медиация, дау-дамайларды реттеу, этномедиация» тақырыбында іс-шара өтті
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні»
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы
-
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қазақстан халқы тілдері күні» іс-шарасы
-
Қызылордада «Медиация 10 жыл» атты форум өтті