Алматыда «Жаңа толқын 100+» республикалық жастар форумы өтеді

14 маусымда сағат 10.00-де Алматы қаласындағы Достық үйінде Жастар жылы аясында «Жаңа толқын 100+» республикалық жастар форумы өтеді.


Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі
Ж. Түймебаев, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры С. Мажитов, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ мүшелері мен аймақтық жетекшілері және Алматы қаласының белсенді жастар қатысады деп күтілуде.

Іс-шара бағдарламасында Openspace форматында «Елбасы және Жастар жылы» тақырыбында тренинг сұхбат өткізу қарастырылған және «Жаңа толқын 100+» атты форсайт алаңы жұмыс істейтін болады.

Форумда «Жаңғыру жолы» РЖҚ аймақтық жетекшілері жұмыс барысын талқылап, өз тәжірибелерімен бөліседі және сәтті жобаларын таныстырады. Сондай-ақ, жастардың аймақтық ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне жіті назар аударылады.

Сонымен қатар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен «Жетістік тарихы» атты мотивациялық кездесулер мен жастарға лидерлік дағдыларды оқыту бойынша интерактивтік семинар-тренингтер өтеді.

Форумның мақсаты - жастарды білім алуға және бос уақыттарын өткізудің тиімді, әрі белсенді формаларын іздеуге тарту мен ынталандыру, Жастар жылы аясында жаңа идеялар мен жобларды қолдау, сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының жетістіктерімен таныстыру болып табылады.

Back to the list