27 Қаңтар, 2022
524
Түркістанда өткен Аналар кеңесі отырысында отбасылық құндылықтардың өзекті мәселелері талқыланды
Түркістан қаласындағы «Басқармалар үйі» ғимаратының мәжіліс залында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Алқалы басқосуға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшылары, облыстық, қалалық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық этномәдени бірлестіктері жанындағы Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты.
Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова модераторлық етті.
– Аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыты – елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен нығайтуға ықпал ету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу. Осы бағытта біз өздеріңізбен тоқсан сайын салиқалы жиын өткізіп, өзекті мәселелерді талқылап келеміз. Биылғы жоспарға сәйкес, ел Тәуелсіздігіне орай өтетін іс-шаралар, медиация, қайырымдылық, республикалық Аналар кеңесінің форумына қатысу және тағы басқа маңызды іс-шараларды өткізу қөзделіп отыр. Аталған шараларды бірлесіп нәтижелі өткіземіз деген ойдамын, – деді Д. Жамболова.
Отырыс барысында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы аудандық, қалалық Аналар кеңесі төрайымдарының жылдық жұмыс жоспарлары талқыланды. Жиында Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М. Ибрагимова «Жаңа Қазақстандағы Аналар кеңесінің орны» тақырыбында сөз қозғап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова өңірдегі отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар жоспарға сай жүйелі жалғасатындығын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті