04 Қараша, 2021
446
Қарағанды Достық үйіне Литвадан ғалымдар делегациясы келді
Қарағанды Достық үйінде Литвадан келген ғалымдар делегациясымен «Шығыстағы Литва ұлыстары және олардың ұқсастығы; Заволжье және Қазақстан» жобасы аясында кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – Қарағанды облысындағы ғалымдармен, «LITUANIKA» литва қауымдастығы өкілдерімен, профессорлармен кездесу, Спасск мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қою,сондай-ақ, Долинка кентіндегі мұражайды аралау.
Делегация құрамында осы жоба координаторы, профессор, гуманитарлық ғылым докторы Лорта Виликене, профессор, гуманитарлық ғылым докторы Витис Чубринскас (Ұлы Витаутас университеті, Каунас), профессор, әлеуметтік ғылымдар докторы Йоланта Кузнецовене (Ұлы Витаутас университеті, Каунас), Ғылыми қызметкер Ирена Шутинене (Әлеуметтік зерттеулер орталығы, Вильнос) бар.
Достық үйіндегі кездесуде делегация өкілдері ҚХА мүшесі, ҚХА ғылыми-сараптама тобының төрағасы, профессор Вилен-Молотов-Лучанскиймен, ҚХА мүшесі, Қарағанды облысы әкімі аппаратының этносаралық қатынастар саласындағы қоғамдық келісім жөніндегі бас инспекторы Гүлфайруз Рымбековамен, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Әйгерім Исбековамен әңгіме өрбітті. Вилен Борисович облыс көлемінде жетпістен аса этномәдени бірлестіктер бар екенін, олардың әрқайсысы қаламыздың саяси және экономикалық өміріне атсалысып келе жатқанын, сондай-ақ, еріктілер қозғалысы, қоғамдық келісім кеңестері, жастар ұйымдары, медиаторлар, облыстық Ассамблея құрылымдары бір мақсатқа жұмылдырылғанын айтты.
Өз кезегінде Қазақстандағы Литва Республикасының Құрметті консулы, «LITUANIKA» литва қауымдастығының төрағасы Виталий Тварионас елдегі бірлік пен тұтастықты сақтап тұрған, барлық ұлыс өкіліне қазақ халқының тарихын зерделеуге мүмкіндік беретін Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы айтып өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қарағанды облысы
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті