Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Сәуір, 2020

980

Қарағандыда 1 мамырға арналған мерекелік флешмобтар, қайырымдылық акциялары мен онлайн-концерттер өтеді

1мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге орай Қарағанды облысында ұлттық тағамдар дайындаудан бірнеше челлендж өткізілмек.

Ұлттық тағамдарды дайындау бойынша челлендж кешегі күні басталып кетті. Аталған игілікті шара 30 сәуірге дейін жалғасады. Челлендж аясында дайындалған тағамдар көп балалы отбасыларға, медицина және өткізу-бақылау бекетінде тұрған қызметкерлерге таратылады. Ұлттық тағамдарды дайындау бойынша челлендж Қарағанды облысының барлық ірі қалалары мен аудандарында өтеді.


Ал 2 мамырда «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының негізінде «БҰҰ моделі «Ассамблея стратегиясы - әркімнің әл-ауқатын жақсарту» атты онлайн конференцияны өткізу жоспарланып отыр. Оған жастар ұйымдарының өкілдері және студенттер мен оқушылар қатыспақ.

Сонымен қатар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тұрғын үй жайлардағы балкондарда ҚР Мемлекеттік әнұранын, патриоттық әндерді, Абай шығармаларын, сондай-ақ этностардың белгілі халық шығармаларын орындау бойынша флешмобтарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыста «Біз біргеміз» акциясы аясында 100 - ден астам қайырымдылық акциясы өткізіліп, онлайн-концерттер, мектептерде -конкурстар, викториналар және танымдық жобалар ұйымдастырылмақ.

Кейін қарай