05 Мамыр, 2021
617
Қарағандыда «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары марапатталды
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы өз мәресіне жетіп, бүкіл қазақстандықтар елімізге еңбегі сіңген жаңа есімдерді анықтаған болатын.
Достық үйінде Қарағанды аймағынан қатысқан жоба жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш жоба ең алғаш 2017 жылы жүзеге асырылды. Мақсат –түрлі жас пен ұлт өкілдері арасынан жетістікке жеткендерін дәріптеу, көпке өнеге ету. Жобаның басты жетістігі – «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енгендердің есімі әрбір қазақстандықтың санасында жатталып, өскелең ұрпаққа үлгі болып қалатындығы. Биылғы жылдың ерекшелігі ел егемендігінің 30 жыл толуына орай тәуелсіздікте жеткен жетістіктер баса назарға алынды.
Сонымен, мемлекет тарихында есімдері қалатын қарағандылықтар- Даниель Диль, актриса Дина Заитова, музыкант Арыстан Әбілдин, "Бизнес" санатында Виктория Пак, "Медицина" номинациясында Дарын Әбілжанов және Қазақстандағы жалғыз ұшқыш қыз Ардана Ботай.
Жеңімпаздарды Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұл мен Жастар ісі саясаты жөніндегі басқарма басшысы Біржан Әлімжанов марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МЕЦЕНАТ АКБАРЖАН ЯХИЯҚАЖЫҰЛЫ ИСМАИЛОВ ЕКІ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
-
ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ҚАРАҒАНДЫДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
-
Қостанай облысының Беларусь қоғамдастығының белсенділері «Алақандағы өмір» қайырымдылық жобасының дәстүрлі жаңажылдық шарасына қатысты
-
Жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті
-
Оралда "Шаңырақ" және "Үздік медиатор"шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті