Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қазан, 2021

409

Қарағандыда облыстық және аудандық Аналар кеңесі мүшелері кездесті

Аудан, қалалармен жұмысты нығайту мақсатында Қарағанды облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Ләззат Қожахмет, құрметті педагог Күліш Төлеуханқызы, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» басшысы Әйгерім Исбекова Қарқаралы аудандық Аналар кеңесінің, зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесті.

Шараның мақсаты – көп балалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша мемлекеттің жаңа шараларын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ҚХА Кеңесіндегі нақты тапсырмаларды түсіндіру, әрбір нақты аймақта отбасылық негізде шағын және орта кәсіпті жүргізу үшін мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді қалай пайдалануға болатынын жеткізу.

Осы орайда Ләззат Таймырқызы көп балалы және жас отбасыларды қолдау бойынша өңірде қолданылатын шаралармен, аудандардағы Аналар кеңесінің іс тәжірибесімен таныстырып, сонымен бірге аналарға өз балаларының бейбіт және қауіпсіз болашағының негізі ретінде елдегі әлеуметтік әл-ауқат, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім саясатын қолдауға шақырды.


Аудандық кеңестің төрайымы Бану Мұқашева жасалып жатқан жұмыстар барысымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар таяуда ғана Грекияның Салоники қаласында самбодан өткен дүниежүзілік додадан жеңіспен оралған қарқаралылық Аида Тойшыбекованы құттықтап, лебіздерін білдірді.

Кейін қарай