19 Шілде, 2021
340
Қарағандыда жас ғалымдар конкурсы қорытындыланды
Қарағанды облысы ҚХА Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобалары облыстық конкурсын қорытындылады.
Байқаудың негізгі мақсаты - ғалымдардың, сарапшылардың, докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын бейбітшілік пен келісім идеяларын қолдау, жинақтауға бағытталған ғылыми зерттеулерді дайындауға көмектесу.
Қарағанды облысының 35 жасқа дейінгі барлығы 15-тен астам жас зерттеушілері, магистранттары, докторанттары, оқу орындарының қызметкерлері және қоғам қайраткерлері қатысқан байқау бағыттары келесідегідей болды:
· Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы: жетістіктер, тәжірибе және сын-тегеуріндер;
· Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары контекстіндегі бейбітшілік пен келісім идеясы;
· Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық бірлік пен келісімді нығайту және дамыту институты ретінде;
· Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруға қосқан үлесі;
· Ядролық қарусыз әлемге жол. Экологиялық қауіпсіздік және «Таза табиғат» әлеуметтік бастамасы.
Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Байқау қорытындысын жарияламас бұрын «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әйгерім Исбекова жобаның міндеттері қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясат саласындағы талантты жас ғалымдар мен сарапшыларды қолдау, қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлікті нығайту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми әзірлемелерді басып шығаруға жәрдем көрсету екенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Құрамына ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының өкілдері енген конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі жобалар үздік деп танылды: Қазақстан Республикасының ядролық қарусыз әлем доктринасын қолдау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметі – авторы әлеуметтік ғылымдар магистрі, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті, "Дүниежүзілік тарих және халықаралық қатынастар" кафедрасының зертханашысы Рүстем Сманов, Ахмет Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегіндегі сөз өнерінің теориялық мәселелері – авторы педагогика ғылымдарының магистрі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Әсел Қожакметова, Қазақстан аумағында тұратын кәрістердің тарихы мен бүгіні– авторы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті физика-математика факультетінің магистранты Айбын Жаманхан, Қазақтардың мәдени-шаруашылық кешеніндегі орталық Қазақстанның сауда тарихы - авторы аспирант, «№86 ЖББМ» КММ Қазақстан және дүниежүзі тарихы мұғалімі Ерлан Артықбаев, "Қазақ тілін үйренуге жағымды әсер ететін факторлар мен жағдайлар" - авторы педагогика ғылымдарының магистрі, Осакаров ауданы «№2 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Әлия Мұстафина, Қазақстанда көпбалалы отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешудегі мемлекеттік саясат - авторы әлеуметтік ғылымдар магистрі, «№66 ЖББОМ КММ» ғылыми зертханашысы Аида Екпінбай.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның практикалық маңыздылығы - зерттеу жұмысының нәтижелерін оқу орындарында оқытушылар және студенттер Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен қызметі туралы сынып және кураторлық сағаттар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер дайындағанда қолдана алады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
-
Республикалық Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Арайлы Атамекенім» тақырыбында ҚХА ЭМБ жастарының интерактивті кездесуі өтті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтың Астана қаласының мектеп және студенттер парламенттерінің президенттерімен кездесуі өтті
-
Марат Әзілханов ұйғыр ЭМБ жастарымен кездесті
21 Наурыз, 13:03
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз, 13:01
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
вчера, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
-
Республикалық Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Арайлы Атамекенім» тақырыбында ҚХА ЭМБ жастарының интерактивті кездесуі өтті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтың Астана қаласының мектеп және студенттер парламенттерінің президенттерімен кездесуі өтті
-
Марат Әзілханов ұйғыр ЭМБ жастарымен кездесті