04 Қыркүйек, 2015
1272
Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ міндеті
Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 70-жылдығы құрметіне арнап Республикалық әлеуметтік ынтымақтастық «Асар» акциясын өткізді.

Тамыз айында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, қайырымдылық көмек көрсету аясында бір айлық Республикалық «Асар» акциясы басталды.
Акцияны Қарағанды облыс әкімі аппаратының облыстық Қазақстан халқы Ассамблея Хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ іске асырды. «Қоғамдық келісім» КММ еріктілері, этномәдени бірлестіктер жастар қанатының белсенді мүшелері және «Қарағанды облысы еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ қызметкерлері ардагерлердің тұрғылықты мекенжайын аралап, хал-жағдайымен танысты. Әр ардагерге ерекше көңіл бөліп, сыйлық ұсынды.
Бұл акцияға аймағымыздағы этномәдени бірлестіктер: «Ридне слово» облыстық украин этномәдени ұйымы, «Казачья вольница» казак этномәдени бірлестігі және «Дакия» румын этномәдени орталығы өз үлестерін қосып, ардагерлерді азық-түлік пакетімен қамтамасыз етті. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері еріктілерді қуана қарсы алып, шын ықыласты тілектерін айтып жатты. Әсіресе, 93 жастағы соғыс ардагері Антонина Шинкевичтің «Өз Отаныңды, еліңді сүй, сонда ғана бейбітшілік мәңгі орнайды. Еліңе ерінбей еңбек ет, жемісі мол болады. Үлкенді қадір тұт, кішіге ізет көрсет – мәртебең өседі» деген сөздері акция қатысушыларына ерекше әсер қалдырды.
Қайырымдылық акциясының қорытындысы ретінде 4 қыркүйек күні «Сарыжайлау» кинотеатрында ардагерлермен салтанатты кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық Ассамблея хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ассамблея мүшесі және «Сарыжайлау» кинотеатрының директоры Рымбала Омарбекова, украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Петр Ломей келді. Сондай-ақ, грек және татар-башқұрт этномәдени ұйымдарының жетекшілері де акцияға атсалысты. Олар ардагерлерге қошемет көрсетіп, бейбіт өмір үшін шексіз алғыстарын айтты. «Сарыжайлау» кинотеатрының директоры Р.Омарбекова, украин этномәдени бірлестігі жетекшісі П.Ломей өткізілген акция үшін алғыстарын білдіріп, кешке қатысқан ардагерлерге сыйлықтарын табыс етті.
Этномәдени орталықтар жастар қанаты белсенділері концерттік нөмірлерінде ұлттық әндерді орындап, домбыра мен баянда ойнап, көпшіліктің көңілін көтерді. Жергілікті және республикалық журналистер мен тілшілер акцияға ақпараттық қолдау көрсетті.
Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру - жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудегі ең мықты құрал екені сөзсіз.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Ұйғыр ұлттық салт-дәстүрі: ұрпақтан-ұрпаққа мұра» форумы өтті
-
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
-
Петропавлда «Мәміле» клубының мүшелері отбасылық дәстүрлер, аға ұрпақтың отбасындағы рөлі туралы әңгімеледі
-
Петропавлда қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі ұрпақтар сабақтастығының рөлі талқыланды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті