01 Қыркүйек, 2015
1309
Ғарышқа аттандыру салтанаты
2015 жылғы 1 қыркүйекте сағат 15.50-де «Байқоңыр» ғарыш айлағында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов және тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовпен және «СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесінің экипаж мүшелерімен кездесіп, жерлесімізге сәт-сапар тіледі.

Вице-премьер Б.Сапарбаев ғарышкерге ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сәлемін жеткізді.
«Маған осындай үлкен сенім артқандарыңызға алғыс білдіремін және сенімдеріңізді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Қазақ елінің ғарыш саласындағы жетістіктері үшін қуаныштымын. Менің ойымша, бұл сапар отандық ғылымға үлкен серпіліс береді. Оның одан әрі дамуына үлес қосуға тырысамын», - деді А.Айымбетов.
Ғарышкерге Қазақстан Республикасының Туы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Жалауы және Қазақстан халқы Ассамблеясының Туы табыс етілді.
Айдын Айымбетов ресейлік ғарышкер Волков пен даниялық ғарышкер Могенсенмен бірге екінші борт инженер ретінде 2 қыркүйек күні сағат 10.30-да ғарышқа ұшты.
Қазақстандық ғарышкердің ғарышқа аттану салтанатты сәтіне Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар қызметкерлері, этномәдени бірлестік төрағалары және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Адамзаттың ғарышқа ұшқанына 60 жыл
-
Қызылордада «Ғарышқа сапар» атты мерекелік концерт өтті
-
ҚХА 25 жылдығына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесінің ашылу салтанаты өтті
-
ҚХА 25 жылдығына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді
-
Атырау университетінде «Орыс тілі, әдебиеті мен мәдениеті» орталығының ашылу салтанаты болды
-
Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті