Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Желтоқсан, 2020

253868

ҚХА 25 жылдығына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.

Аталмыш шара еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілді. Тәуелсіздік жылдары қазақ халқы этносаралық бірліктің өз моделін жасады. Іс жүзінде азаматтардың тең құқығы мен мүмкіндігін, өмір сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті.


Көрме барысында үштұғырлықтың ортақ идеологиялық платформасымен біріктірілген мұрағаттық материалдар, фотосуреттер, кітаптар мен сыйлықтар ұсынылды.


ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев көрменің мақсаты – Тұңғыш Президент, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін және ондағы ерекше рөлін көрсету екенін алға тартты.

- Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Ұлт көшбасшысы тең құқықтық пен келісімге негізделген бүкіл халықтың бірлігіне мән берді.

Осы жылдар бойы еліміз бұл қағиданы берік ұстанып келеді. Бүгін сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған экспозиция ағымдағы қарапайым оқиға емес. Бұл еліміздің ортақ мұрасы. Бейбітшілік пен даму жолындағы бірліктің үлгісі. Бүгінде бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін халықаралық қауымдастық мойындады. Бұған қазақстандық дипломат Қайрат Әбдірахманов мырзаның жақында ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болып сайлануы жарқын мысал бола алады.

Бұл көрме Сіздерге жалпыұлттық бірлік, келісім мен біртұтастық дәуіріне айналған тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын жақсырақ білуге және ең бастысы, оны түсінуге көмектесетініне сенемін, - деді Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.



Кейін қарай