Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Тамыз, 2016

1275

Қаржы саласының өкілдерімен кездесу

Маңғыстау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымының жастары ұйымның жұмысын насихаттау мақсатында белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Таяуда «Жас қанат» жастарының бастамасы бойынша  қаржы саласының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Достық үйінде «Астана банкі» АҚ Ақтау каласындағы филиалының мамандары қонақта болды.

Банктің кредиттік менеджері   Унаева Рано Жеткіншекқызы банк секторының қызметі туралы, кәсіби қаржыгер болудың жолы қандай деген тақырыпта әңгіме айтты.

 «Әрбір адам өз ісінің маманы болса, тек осы жағдайда ғана біздің әрқайсымыз үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз», - деп бастады өз әңгімесін жас маман, сату секторының менеджері Құнабаев Абдул Кеңісұлы.

Аталмыш салада еңбек етіп жүрген жас мамандар  өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып,  кәсіби әріптестерінен көп пайдалы кеңестер алды.

Осындай кездесулер жыл бойы өткізілетін болады. Әрбір кездесуде жастар түрлі қызмет салаларының мамандарымен кездесіп, көкейтесті сұрақтарына жауап ала алады. Осылайша, болашақ ұрпақтың жас мамандары өздерінің көздеген мансаптарына жетудің дұрыс бағытын біледі. Ал бұл еліміздің өркендеуі үшін өте маңызды мәселелердің бірі.

Іс-шара соңында, шақырылған қонақтарға баға жетпес кеңестері үшін алғысын білдіріп, жастар оларға Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипі бейнеленген  бас киімдер мен футболкалар табыс етті. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің мұражайымен таныстырды. 

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай