
01 Қыркүйек, 2016
801
Ассамблеяның «Нұр Отанға» көмегі
«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні болып өтті
Бұл күні қостанайлықтар өздерінің сұрақтарына жауап алғанымен қатар, нақты көмек те көрді. Наталья Рубцова жұмысқа тұруға мүмкіндік алды. Бұл ұсынысты «Крынiца» өңірлік белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы, «КазМонтаж» ЖШС директоры Сергей Якушевич жасады. Ал партиялықтарға балалары мен немерелеріне мектепте оқуға керек-жарақтарын алуға өтініш жасаған Жұмабике Төкеева мен Татьяна Попова облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісі Гүлвира Құдайқұловадан қолдау тапты. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде оларға кеңселік тауарларды және мектеп киімін сатып алуға демеулік көмек көрсетілді.
- Барлық өңірлерде партияның қоғамдық қабылдаулары 2005 жылдан бастап жұмыс жасауда. Олар іс жүзінде біздің азаматтардың құқық, тұрғын үй және тұрмыстық проблемаларын шешудегі ең қолжетімді құралы болып отыр,- дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдаудың меңгерушісі Бахытгүл Жолдыбаева. – Бірінші жартыжылдық ішінде ғана қоғамдық қабылдауға жалпы облыс бойынша азаматтардан 3449 өтініш келіп түсті, оның ішінде 583-і оң шешімін тапты. Өтініш жасағандардың негізгі санаты зейнеткерлер мен мүгедектер, жұмыссыздар, аз қамтылғандар мен көп балалы отбасылар. Қостанайлықтарды көбінесе әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй, жер телімдерін бөлу, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ жұмыс берушілермен дау-дамай мәселелері толғандырады.
- Адамдардың қоғамдық қабылдауға келуі қарапайым азаматтардың «Нұр Отан» партиясына сенетіндігін көрсетеді. Біз өз тарапымыздан қолдауға мұқтаж болған адамдарға көмек көрсетуге, кеңес беруге, шешімін таппаған мәселені шешуге дұрыс бағдар беруге жәрдемдесуге әзірміз, -деп атап көрсетті Гүлвира Құдайқұлова.
Қостанай облысы әкімдігінің
«Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
ҚХА активі Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмалардың негізгі бағыттарын қарастырды
-
ҚХА XXXII СЕССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ АССАМБЛЕЯНЫҢ «КӨЗҚАРАС» АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Петропавлда облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жиын өтті
-
Павлодарда «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі 30 жылдық мерейтойын тойлады
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
ҚХА активі Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмалардың негізгі бағыттарын қарастырды
-
ҚХА XXXII СЕССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ АССАМБЛЕЯНЫҢ «КӨЗҚАРАС» АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Петропавлда облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жиын өтті
-
Павлодарда «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі 30 жылдық мерейтойын тойлады