
03 Тамыз, 2016
807
Ассамблеяның қолдауымен дүниеге келген сәби
Бөрлі ауданында тұратын ерлі-зайыпты Қарабаевтардың тұңғышы Айзеренің әкесі Бисенғали Қарабаевтың айтуынша, олар сәбиді тоғыз жыл бойы күткен. Қазақстан халқы БҚО ассамблеясының корей этномәдени бірлестігі мен Сеулдегі (Оңтүстік Корея) «Чейль» медицина клиникасының ынтымақтастығы негізінде аталмыш отбасы балалы болу бақытына қол жеткізіп отыр.
Бұдан бір жыл бұрын Оралға БҚО корей этномәдени бірлестігінің шақыруымен белсіздіктен емдейтін «Чейль» клиникасының вице-президенті Тхе Генг Ким келіп, өңірмен танысқан болатын. «Чейль» (Cheil General Hospital&Womens Healthcare Center) клиникасы Оңтүстік Кореядағы әйелдердің репродуктивтік денсаулығын сақтауға мамандандырылған орталық болып табылады. 32 клиника мен 16 мамандандырылған бөлімшені біріктіретін ірі гинекологиялық кешенде жыл сайын түрлі елдерден 300 мыңнан астам әйелдер белсіздіктен, қатерлі ісік және жүктілік кезіндегі аурулардан емделеді. Сол сапар барысында этномәдени бірлестік пен клиника арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған еді. Айзеренің дүниеге келуі - соның жемісі. Оңтүстіккореялықтар оның анасын емдеуге арнайы квота бөліп, барлық шығынын көтеріп алды.
Осындай «тарихы» бар нәресте кеше анасымен бірге облыстық перинаталдық орталықтан үйге шығарылды.
Айзеренің кіндік атасы атанған облыстық мәслихат депутаты, БҚО корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Максим Пактың сөзіне қарағанда, бұл – осындай көмек көрсетілген бірінші отбасы емес. Тағы бір жұбайлар сәби күтуде. Үшінші жұп диагнозын анықтап, емделу үшін таяуда Сеулге аттанбақ. «Бұл – корей халқының Қазақ еліне деген алғысы. Корейлер өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстанға жер аударылып келгенде, қазақ халқынан көрген жақсылығын еш уақытта ұмытпайды. Бұл Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына толық сай келеді»,- деді М.Пак.
Еске сала кетейік, 2014 жылы корей этномәдени бірлестігі корейлердің Қазақстанға қоныс тепкенінің 75 жылдығына орай Орал қаласында «Қазақ халқына мың алғыс» монументін орнатқан болатын. Жалпы, БҚО корей этномәдени бірлестігі қайырымдылық шараларға ұдайы көңіл бөледі. М.Пактың өзі де - өңірге танымал меценаттардың бірі.
Елжан Ералы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
-
Атырау облысы ҚХА қолдауымен комедиялық кеш өтті
-
ҚХА активі Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмалардың негізгі бағыттарын қарастырды
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
-
Атырау облысы ҚХА қолдауымен комедиялық кеш өтті
-
ҚХА активі Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмалардың негізгі бағыттарын қарастырды