Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Сәуір, 2023

490

Астана қаласының Достық үйінде Аналар кеңесінің отырысы өтті

2023 жылғы 11 сәуірде Астана қаласының Достық үйінде Аналар кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи, Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының кеңесшісі Қарлығаш Хожамұрат, «Алаш аманаты - Ұлт анасы» қоғамдық бірлестіктің төраймы Ботагоз Ахтаева, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы өңірлік Аналар кеңестерінің мүшелері қатысты.

Шара барысында Нәзипа Шанаи республикалық Аналар кеңесінің қызметі және өңірлік кеңестердің негізгі міндеттері туралы баяндады. Whats-App әлеуметтік желісінде Аналар кеңесінің чаты ашылғандығына тоқталып, оның отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесіне қатысты қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеретін барлық аналарға ашық екендігін айтып өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында Мемлекет басшысының Аналар кеңесіне берген тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы міндеттері туралы айтылып, өңірлік Аналар кеңестерін ортақ жұмысқа белсенді түрде тарту ұсынылды.


Кейін қарай