Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қараша, 2023

217

Астанада «Мың бала» жобасы өтеді

Ағымдағы жылы 16 қарашада сағат 17:00-де Астана қаласы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды кезеңі өткізіледі.

«Мың бала» жобасы өскелең ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектерін, мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы олардың арасында қазақстандық бірегейлікті дамытуға бағытталған.

«Мың бала» жобасы аясында барлық өңірлерде жыл бойы түрлі номинациялар бойынша қазақ тілін үйренуге арналған іс-шаралар мен конкурстар өткізілді, оның ішінде қазақ ақындары мен мәдениет қайраткерлерінің өлеңдерін мәнерлеп оқу және музыкалық шығармаларын орындау, сондай-ақ өздері шығарған өлеңдерді оқу және т.б.

«Мың бала» жобасының қорытынды кезеңінде домбыра мен қобыздағы орындаушыларды «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша, жас ақындар мен мәнерлеп оқитындарды «Жарқыра, жас дарын!» номинациясы бойынша марапаттау жоспарлануда.

Салтанатты іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері және «Мың бала» жобасының жеңімпаздарының қатысуы күтілуде.

Сонымен қоса, іс-шара аясында жоба жеңімпаздарына ҚР Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастыру жоспарланған.

Кейін қарай