Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Желтоқсан, 2023

170

АСТАНАДА Ш.АЙТМАТОВТЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2023 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласының Достық үйінде Ш.Айтматовтың 95 жылдығына арналған «Шыңғыс Айтматов. Дәуір. Тұлға. Гуманизм» атты халықаралық конференция өтті.

Модератор – қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Шавкат Исмаилов болды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, Астана қ. Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, Қырғыз Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дүшекеев, Әзербайжан Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамогланов, Өзбекстан Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, қоғам қайраткері, «Қырғыз тілі» республикалық қоғамының президенті (Қырғыз Республикасы) Райымжан Құрбанов, философия докторы, әдебиеттанушы, жазушы Ш.Айтматов (Германия) туралы кітаптардың авторы Гучка Ирмтрауд, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен ҚХА мүшелері қатысты.


Халықаралық конференция аясында белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы бойынша эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сондай-ақ, шара бағдарламасына сәйкес қонақтар Астана қаласының Достық үйінде ҚХА және ЭМБ қызметімен танысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан Елшілерге ТҮРКСОЙ-дың мерейтойлық медальдары табысталды.



Кейін қарай