
18 Шілде, 2016
1703
Асық ойынынан еңбек ардагерлері арасында өткен жарыс
Көкшетау қаласының №2 орта мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған Көкшетау қаласы әкімінің жүлдесіне ұлттық «асық ату» ойынынан І қалалық ардагерлер жарысы өтті. Жарысты ұйымдастырған қалалық ардагерлер кеңесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» және «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестіктері. Елімізде алғаш рет ардагерлер арасында өткізіліп тұрған жарысқа Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова және Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова келіп, бұқаралық сипат алып жатқан асық ойынына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Асық ойынынан өткізілген жарыстың мақсаты ұлттық ойынды насихаттау, асық ойынының түрлерін жастарға кеңінен таныстыру болып табылады. Жарысқа қатысқан 30-ға жуық еңбек ардагерлері біраз уақыттан бері асық ату жарысына дайындалып, күнде аталмыш мектептің спорт залына келіп жүрді. Бүгін олар «асық ату» және «бес асық» түрлерінен жарысқа түсті. Жеребе тасталып, өз қарсыласын анықтағаннан кейін аталар мен әжелер ойынға кірісіп кетті. Ең епті, мерген әрі қырағы ойыншылар суырылып алға шықты.
«Асық ату» ойынынан жүлделі ІІІ орынды Жұрымбаев Жұмағали, ІІ орынды Ғазизов Хабиболла, Ш орынды Әлиев Шиап иеленсе, «Бес асықтан» жүлделі ІІІ орынды Балабекова Жібек, ІІ орынды Самаева Күлмаш, І орынды Смағұл Кенжебай иеленіп, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі жетекшісінің орынбасары Манат Исмағұлов ұлттық асық ойынын ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, ойынға ең жас қатысушы мен асық ойыны жарысына қатысқан жасы үлкен аға буын өкіліне арнайы сыйлықтар тапсырды. Сондай- ақ ұйымдастырушылар ең белсенді жанкүйер номинациясы бойынша да арнайы жүлделер дайындап, табыстады. Аталмыш жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде өтетіндігін естіген еңбек ардагерлері игіліктііс-шарадан жақсы көңіл-күймен тарқасты.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
ҚХА Ақсақалдар кеңесі "Тоғызқұмалақ" қалалық жарысын ұйымдастырды
-
29 қыркүйек - Еңбек күні!
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
сегодня, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
ҚХА Ақсақалдар кеңесі "Тоғызқұмалақ" қалалық жарысын ұйымдастырды
-
29 қыркүйек - Еңбек күні!