Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Тамыз, 2020

548

Атырау:«Мектепке жол» акциясы бастау алды

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Атырау облысында тұратын украиндықтар «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды.

Балаларға жақсылық жасауға қашанда дайын «Довира» бірлестігінің өкілдері мен жастары «Атырау облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» тәрбиеленіп жатқан балаларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп тауарларын, жеміс-жидек өнімдері мен тәттілерді жеткізді.


Одан әрі бірлестік ұжымы «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталығында» орналасқан жандарға қайырымдылық жасап, бетперде таратты. Осы орталықтағы көпбалалы Елена Приданованың отбасына көмек көрсетіп, мектепке қажетті оқу-құралдарымен қамтасыз етті.


Қайырымдылық істерін жалғастырған «Довира» бірлестігі Атырау облыстық есірткі қылмысына қарсы басқармамен бірлесе Атырау қаласының көшелерінде тұрғындарды карантин талабын қатаң сақтауға шақырып, «Есірткіге жол жоқ!» белгісі бар бетперделерді таратты.


Кейін қарай