
08 Мамыр, 2020
770
Атырау: Әскери даңк залына онлайн-саяхат
Ұлы Отан соғысының 75 жылдығынАта орай ұйымдастырылған шара Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен жүзеге асырылды. Онлайн экскурсия Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ институтында ашылған Әскери даңқ залында ұйымдастырылды.
Әскери даңқ залында 2000-ға жуық Гурьевтен (Атырау) майданға аттанған жерлестеріміз туралы ақпарат бар. Олардың барлығын 30 жылдан астам уақыт бойы белгілі өлкетанушы, тарихшы, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Вечяслав Афанасьев жинақтаған.
Еңбек жолының тең жартысын Ұлы отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы ақпараттарды жинақтауға арнаған Вечяслав Афанасьев көрермендерге жауынгерлердің өмірбаяны, еңбек жолы, жанұялары туралы айтып, соғыс кезінде олар пайдаланған құралдармен таныстырды. Бұл жерде майдангер-жерлестеріміздің медальдары, тозығы жеткен кителдер, етіктер, тіпті, ас пісіріп, қайнатқан қазаны мен шәйнектері де сақталған.
Панфилов сарбаздарымен қатар, бұрын ұмыт болған 312-ші атқыштар дивизиясының Мәскеуді қорғауға өз үлестерін қосқанын санаулы адамдар ғана біледі. Бұл бөлім 41-ші тамызда полковник Александр Наумовтың басқаруымен Ақтөбе қаласында құрылған еді. Оған Қазақ КСР-нің әртүрлі аймақтарының тұрғындары шақырылды, оның ішінде 691 сарбаз Гурьевтен барды.
Мұражай иесі бүгінгі күнге дейін атыраулық жас еріктілермен бірге ондаған майдангер-жерлестеріміздің есімдері мен жерленген орындарын анықтай алған. Әлі де бес мыңға жуық адамның тағдыры белгісіз күйінде қалып отырған көрінеді.
«Денім сау болса, ізденіс жолын жалғастыратын ойым бар. Біз тарихты ұмытпауымыз керек. Өскелең ұрпақ жерлестерінің ерлігін білу парыз», - дейді В. Афанасьев. Бүгінде жасы 80-ге таяған өлкетанушы жастарды басқа да батырлардың есімдерін анықтауға көмектесуге шақырды.
Онлайн эскурсия көпті қызықтырса керек. Тікелей эфирге 2 845 әлеуметтік желі қолданушысы қосылып, 847 пікір қалдырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Атырау облысы
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА Аналар кеңесінің онлайн-кездесуі өтті
-
Елордалық Ассамблея жастары онлайн форматта кеңес өткізді
-
Павлодар қаласының 6679 гвардиялық әскери бөлімінде биылғы жылғы жаңа шақыру
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Атырау облысы
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Этномедиацияның базалық негіздері
-
ҚХА Аналар кеңесінің онлайн-кездесуі өтті
-
Елордалық Ассамблея жастары онлайн форматта кеңес өткізді
-
Павлодар қаласының 6679 гвардиялық әскери бөлімінде биылғы жылғы жаңа шақыру