Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қараша, 2021

242

Атырауда «Мың бала» жобасыеың жеңімпаздары марапатталды

Атырау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өңірлік іс-шараларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы - бұл мектеп оқушылары мен әртүрлі этностардың студенттеріне қазақ халқының тілін, тарихын және мәдениетін білуге ​​мүмкіндік беретін ерекше алаң.

Жүзден жүйрік жеңімпаздар Ким Роман мен Александрова Любовь әннен шашу шашып, Николаенко Милана мен Каримова Чаросхан поэзия оқыды.

Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Жанар Ильясова мен «Таланттарды қолдау және анықтау» орталығының директоры Руслан Сарбалин жеңімпаздарды марапаттады.

Жеңімпаздарға арнайы диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Бүгінге дейін облыстық деңгейде 6 байқау ұйымдастырылып, екі байқаудың жеңімпаздары марапатталды.


Кейін қарай