12 Шілде, 2021
363
Атырауда өткен конференцияда Елбасының сара жолы сөз болды
Атырау қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тұңғыш Президент жолымен. Көп мәдениетті аймақ жағдайында азаматтық бірегейлікті қалыптастыру технологиясы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына этномәдени бірлестік өкілдері, ҚХА-ның ардагерлері, ҒСТ мүшелері, ғылыми қоғамдастықтың, атқарушы органдардың, үкіметтік емес бірлестіктердің өкілдері мен бір топ жастар және Атырау облысының БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш шараны Х.Досмұхамедов атындағы университеттің жастар саясаты департаментінің жетекші маманы, магистр, облыстық ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі А. Имандосов жүргізіп отырды. Қазақстанның саяси көшбасшысы, Елбасы Н.Назарбаевтың жүріп өткен сара жолы туралы мазмұнды тарихи тың деректер келтірген Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий маңы аймағының тарих, археология және этнология ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор
С.Сапанов, ҚХА ардагерлері В.Стамов, Х.Джамалетдинов, ҚР Құрметті журналисі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Л.Монастырская, Орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының төрағасы В. Заверткин өз баяндамаларында Тұңғыш Президенттің Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи еңбегі туралы, елді әлеуметтік-саяси жаңғыртудағы рөлін, халықтың мызғымас бірлігін бейнелейтін құндылықтарын, жас буын өкілдеріне үлгі-өнеге болатын даналығы мен кемеңгерлігін айтып, талқылау жасады.
Шара барысында жарыссөзге қатысқан «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі Р.Биткова мен «Жаңғыру жолы» ЖҚ-ның төраға орынбасары Б.Шевченко да ел бірлігін нығайту жолындағы Елбасының көреген идеялары туралы ойларымен бөлісті. Әсіресе, Елбасының жастарды қолдауда олардың биік мақсаттарға жету жолдарын ерекше атап өтті.
Конференцияны қорытындылаған «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ж.Ілиясова ҚХА-ның 4 базалық жобасының бірі – «Қазақстандық азаматтық бірегейлікті қалыптастыру» аясында өткізілген іс-шараның маңыздылығы зор екенін айта келіп, этносаралық және конфессияаралық мемлекеттік биліктің тиімді моделінің негізін қалаған Н.Назарбаев тұлғасы – өз халқына қалтқысыз қызмет етудің жарқын мысалы, патриотизмнің үлгісі болмақ деп ой түйді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды