19 Қазан, 2021
354
Атырауда өткен шарада конфессияаралық келісімнің қазақстандық бағыты талқыланды
Атырау қаласының Достық үйінде «Рухани келісім – бірліктің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Президент Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты жолдауының міндеттері өзекті талқыланған шараға діни конфессиялардың көшбасшылары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің басшылары, ғылыми қоғамдастықтың, азаматтық қоғамның өкілдері, ардагерлер, ҚХА-ның жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында прогрестің қозғаушы факторы ретінде қоғамның топтасуы мен ұлтаралық, конфессияаралық келісімнің қазақстандық бағыты туралы талқыланды.
- Мәдениет аралық келісім – қоғамдық-саяси тұрақтылық пен Қазақстан халқының азаматтық бірлігінің маңызды шарты, - деп атап өтті облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қахарман Мұсаев.
Облыстық мешіттің имамы Доханов Ерболат қажы, Орыс Православие шіркеуінің діни қызметкері Михаил әкей және католик шіркеуінің діни қызметкері Петр әкей рухани көшбасшылардың құндылықтардың жалпыадамзаттық жүйесін қалыптастыру және әлем идеяларының айналасында адамдарды біріктіру жөніндегі міндеттерін ортаға салды.
«Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің басшылары Зураб Бобохидзе мен шешен-ингуш «Вайнах» Зелимхан Зубариев Рухани келісім туралы қоғам бірлігінің міндетті шартына тоқталса, «Видергебурт» неміс ЭМБ төрағасы Олег Шмаль интеркультурализм заманауи социумдар дамуының жаңа парадигмасы және олардың интеграциялық саясатын қозғады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Людмила Садықова толеранттылықты қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстел модераторы, «Қоғамдық келісім» КММ медиаторы Жаннат Асабаева қазақстандық қоғам бірлігінің негізі ретінде жастарды рухани тәрбиелеудің мәселелері мен перспективаларын талқылауымен қорытты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі басқармасының төрағасы Т.Каримовпен кездесті
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті