Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Желтоқсан, 2021

346

Атырауда жастарға арналған «Еркін сөйле» конференциясы ұйымдастырылды

Атырауда жастарды жігерлендіру, бағыт-бағдар беру мақсатында «Еркін сөйле» конференциясы өтті. Оны Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырды.

Конференцияға студенттер, оқушылар, қаланың белсенді жастары, блогерлер, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция модераторы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Абылай Құрметұлы қоғамда, жиында адам өзін-өзі қалай басқару керектігін, еркін сөйлеудің мән-жәйін, мәтінін жан-жақты түсіндірді.

Маңғыстау облысының жас блогері Айдана Искенова «Мен ол сияқты болалмаймын» тақырыбында әңгіме өрбітті. Ал Атырау еріктілер штабының белсенді мүшесі Үсенғалиев Ілияс «Волонтер болу - халықтың ықыласына бөлену» тақырыбында сөз қозғады. Қазақстан студенттер Альянсының Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы Сәбитов Әділеттің «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» тақырыбындағы еркін айтылған әңгімесін қатысушылар жылы қабылдап, әртүрлі сұрақтар қойып, тұщымды жауап алалды.

Кейін қарай