
03 Наурыз, 2025
231
АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025
Шымкент қаласында орыс драма театрының алдындағы алаңда «Ауқымды Масленица 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, қалалық славян этномәдени бірлестігі және орыс драма театрының ұйымдастыруымен өткен бұл шара барысында Қазақстанда тұратын славян халықтарының салт-дәстүрлері арнайы дайындалған мәдени бағдарлама арқылы көпшілікке ұсынылды. Мерекелік іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғар Үсіпахметов, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары және қала тұрғындары қатысты.
Масленица мерекесі аясында қалалық славян этномәдени бірлестігі мен басқа да этнос өкілдерінің қатысуымен өткен мәдени шарада дәстүрлі әндері мен билері орындалып, театр ұжымының қатысуымен қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары мен түрлі тағамдардың сатылым көрмесі де өтті.
Масленица — көне славян дәстүрлері мен салттарына негізделген мереке, ол қыспен қоштасып, көктемді қарсы алу мейрамы ретінде танымал. Бұл мейрам сыйластық пен өзара түсіністіктің жарқын үлгісін көрсетіп, достық пен бірлікті нығайтуға және этностар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді