Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Наурыз, 2024

43

Масленицаны көңілді өткіздік!

Бүгін, Наурыз мейрамы қарсаңында «Шахристан» мәдени-тарихи кешенінде әзіл-қалжыңдармен, ойындармен, «частушка» -әндермен және билермен «Масленица» мерекелік шарасы көңілді өткізілді.

Сахнада театрландырылған қойылым, этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының , «Радонеж» Орыстар қауымдастығының «Калинка» вокалдық тобының, «Днепро» Украин этномәдени бірлестігінің «Маричка» халық ансамблінің концерттік нөмірлері тамашаланды. Бұдан бөлек, «Веснушки» қасықшылар ансамблі және басқа да оқу орындары - мектептер мен колледждердің шығармашылық ұжымдары , Жамбыл облыстық драма театрының әртістері және т. б.шығармашылық топтар да қатысты.


«Масленица» мерекесінің ажырамас бөлігі - жәрмеңке. Іс-шараға келгендер тауарларды қызығушылықпен қарап, халық шығармашылығы шеберлерінің қолөнер туындыларын қуана сатып алды.

Мереке мәдениеттердің көрнекі тоғысуымен, өңірлік этномәдени бірлестіктер, түрлі этностар өкілдерінің қатысуымен шын мәнінде полиэтникалық болып қызықты мерекеленді. Бұл жолғы дәстүрлі «Широкая масленица» халықтық мерекесі Наурыз мерекесіне арналған онкүндікте өтіп, «Наурызнаманың» «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деп аталатын күнінде астарласа өткізілді.

Мұндай іс-шаралар бірлік пен келісімді нығайтуға зор ықпалын тигізері сөзсіз.

Кейін қарай