
14 Наурыз, 2025
195
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
Бүгін Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің белсенділері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» акциясы аясында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» ерекше қажеттіліктері бар балаларға сыйлықтар табыстады.
№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл орталықтың қызметкерлері балаларға қажетті психологиялық, физикалық және әлеуметтік көмек көрсетуге зор күш-жігерін жұмсап, олардың қоғаммен үйлесімді өмір сүруіне жағдай жасауда.
Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамда мейірімділік пен жанашырлықтың нығаюына, сондай-ақ әлеуметтік топтарға көмек көрсету арқылы қоғамдағы бірлікті арттыруға ықпал етеді.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткізілген «30 қайырымды іс» акциясы Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктердің бастамасымен жүзеге асырылуда. Акция аясында түрлі бағытты қамтыған игі істерді атқару көзделіп отыр. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық бағытындағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, қоғамда мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын нығайтуға ықпал ететіні анық.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
-
Ақмолада өткен ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
-
Ақмолада өткен ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді