Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Наурыз, 2024

55

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Амал күнімен құттықтады

Құрметті достар!

Наурыз мейрамының бастауы Көрісу күні құтты болсын!

Көрісу күні, яғни Амал мерекесі - қазақ халқының ежелден келе жатқан құндылыққа толы дәстүрі.

Бұл күні адамдар бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, қуанышпен қауышып, жасы үлкенге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін тамаша мейрам. Өкпе-реніш пен араздықты ұмытып, көңіл жадырап, жүректер жылулыққа толатын күн.

Көріскенде міндетті түрде айтылатын «Бір жасың құтты болсын!» әдемі тілегінің астарында «Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» деген терең мағына жатыр.

Татулыққа бастап, ынтымағымызды нығайтатын, ақ бата мен молшылыққа толы мереке әр шаңыраққа ырыс-құт, бақ-береке әкелсін!

Қуанышпен көрісіп, жақсылықта жүздесейік!

Кейін қарай