Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Тамыз, 2023

421

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері

2023 жылғы 29-31 тамыз аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтуде.
Іс-шараға Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан жастары, қоғам және мемлекет белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысуда.

Жоба барысында «Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды имидждік ілгерілету, әлеуметтік желілердегі жастар», «Жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылда өңірлік жұмысты дамыту», «Қазақстанның мәдени брендін ілгерілету» тақырыптарында отырыстар өтеді. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-мен өзара іс-қимыл бойынша жеке алаң өтеді.

Бірінші күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских жастарды қолдау мақсатында «әлеуметтік лифтілерді» құру мен оның механизмдері, қабілетті жастарды мемлекеттік қызметке тарту және жастардың саяси сауаттылығы мен белсенділігін арттыру туралы сөз қозғады.

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк «Волонтерлік – белсенді азаматтық ұстанымды дамыту» құралы ретінде» тақырыбында мастер-класс өткізді.

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев «Достық кеші: еліміздің әр өңірінен келген қатысушылардың қарым-қатынасы және тәжірибе алмасу» атты тақырыбында кездесу өткізу кезінде «Ассамблея жастарының» қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы ашып айтты.

Екінші күні ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайту қажеттілігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының осы міндетті орындаудағы рөлінің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің елдегі ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуындағы жастардың рөлін көрсетті.

Кездесу барысында, Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да мүшелері де сөз сөйледі. Олар жастарға жеке тәжірибелері мен жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, өзекті жобалармен таныстырып өтті.

Түстен кейінгі кездесуде ЮНЕСКО сарапшылары жастарға арнайы мастер-класс өткізді. Мастер-класста өзара қарым-қатынасты дұрыс орнату, сондай-ақ жастардың халықаралық деңгейде сөз сөйлеу шеберліктері мен өз мансабын дамыту туралы талқыланды.



Кейін қарай