Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Шілде, 2022

417

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бүгінде елордамыз қарқынды дамып келе жатқан ауқымды ірі орталық ретінде, Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы полиэтникалық халықтың бірлігі мен тұтастығының символына айналды.

Елорда – Еуразия кеңістігінің мекені, мәдениет, ғылыми ой, инновациялық технологиялар орталығы, сондай-ақ халықаралық диалогқа арналған алаң.

Біздің Отанымыздың астанасында болған әрбір адамның жан жүрегі мейірімділік пен жылулыққа толады.

Осынау мерейлі күні баршамызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік пен игілік тілейміз!

Елордамыз өсіп, гүлдене берсін!


Ізгі ниетпен,

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Кейін қарай