Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Мамыр, 2019

2068

Қазақстан мен Түркия Түркістанды дамыту ынтымақтастығы туралы келісті

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан және Түркия Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Бейбіт Атамқұлов және Қазақстанға сапармен келген Мевлют Чавушоглуның төрағалығымен Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының Бесінші отырысы өтті.

Кездесу барысында екі елдің СІМ басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері мен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің мерейтойлық саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.

Қазақстанның СІМ басшысы Түркияның Еуразия континентіндегі екі бауырлас халықтарының тарихи және мәдени ортақтығының арқасында маңызды, стратегиялық және сенімді серіктес екенін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Анкараның өңірлік және жаһандық саясат үдерістеріне, мұсылман және түркі әлеміндегі беделінің арта түсуін атап өтті.

М.Чавушоглу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастың архитектурасын құрудағы ерекше рөлін атап өтті. 1991 жылдан бастап Н.Назарбаев 24 рет жұмыс және ресми сапарлармен Түркияға барып қайтты. Сол кезеңде Қазақстан астанасында Түркия президенттері 15 рет, ал Премьер-Министрлері - 6 рет қабылданды.

Биыл Қазақстан мен Түркия екіжақты қарым-қатынастарға стратегиялық әріптестік мәртебесін берудің 10 жылдығын атап өтуде. Осы кезеңде мемлекет басшыларының төрағалығымен Жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үш отырысы өтті.

Осыған байланысты тараптар жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің қызметін жоғары бағалады, бұл екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға және тереңдетуге жаңа серпін беріп, екіжақты ынтымақтастық аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамытудың перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді айқындайды.

5ce7e8160067e.jpg

Келіссөздердің басты тақырыбы сауда-экономикалық ынтымақтастық болды. Түркия - Қазақстанның сенімді экономикалық серіктесі және «Жаңа синергия» атты экономикалық бағдарлама аясында одан әрі ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар. Мемлекет басшылары өзара сауда айналымын 5 млрд. долларға жеткізуді мақсат етіп қойды. Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктестері әлемнің алғашқы ондығына кіреді.

Келіссөздердің ерекше тармағы ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі тереңдету мәселесі талқыланды. Әртүрлі аспектілерді ескере отырып, Түркістанды дамытудағы қазақстандық-түрік ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді. Түрік фирмалары осы қалада халықаралық әуежайдың құрылысына және басқа да бірқатар көрнекті нысандардың тартылуына қанағаттанушылық білдірді.

Қазақстан туристік сектордағы Түркияның озық тәжірибесін зерделеуге мүдделі. Осыған байланысты түрік инвесторлары Қазақстанның туристік инфрақұрылымын дамытуға арналған қазақстандық жобаларға белсене қатысуға шақырылды. Түркістанның түркі әлемінің тарихи, мәдени және рухани орталығын насихаттау қажеттігі атап өтілді.

Қазақ және түрік халықтарының ортақ мәдени, тарихи және этникалық тамырларын ескере отырып, тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екі жақты қатынастардың достық және жылы атмосферасын сақтауға және тереңдетуге қызығушылық танытты.

mfa.gov.kz

Кейін қарай