24 Қыркүйек, 2020
1498
Қазыбек Иса Ассамблеяға мемлекеттік тіл мәселесінде қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді
Мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп жүрген қоғам белсендісі, белгілі ақын, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес мүшесі Қазыбек Иса мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, маңыздылығын арттыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамалары үшін алғыс білдірді. Ол белгілі журналист Нартай Аралбайұлымен ютуб желісінде болған сұхбат барысында Мемлекет басшысына мемлекеттік тілге қатысты жазылған Ашық хатқа қазақ тіліне жанашырлық білдірген өзге ұлт өкілдерінің де қол қойғанын айтты.
- Кешегі Ашық хатқа тек қазақтар ғана қол қойып жатқан жоқ. Мемлекеттік тіл туралы заңды талап еткен, Конституцияның 7 бабының 2 тармағын алып тастау туралы хатқа орыс ұлтының өкілдерінен он бес шақты адам, одан бөлек, өзге ұлт өкілдері, неміс, украин, белорусь барлығы елу шақты адам қол қойды. Ассамблеяға мен рахмет айтамын. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясымен байланыс орнаттық. Ассамблеяның «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» деген форумына шақырып, мен сөз сөйледім. Сол жерде елу шақты өзге ұлт өкілінің қазақ тілін меннен артық сөйлеп тұрғанын көріп, қатты риза болдым. Содан кейін солардың көбісін тарттым осы Ашық хатқа. Олардың барлығы да қолдады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы