
11 Ақпан, 2016
1611
Бүгінгі күннің батырлары (Қазақстан бітімгершілік әскерлерінің тәжікстан-ауғанстан шекарасынан шығарылғанына 15 жыл)
8 ақпан күні «Достық» үйінің концерт залында, Тәжікстандағы бітімгершілік шарасына қатысқандарға арналған тақырыптық бағдарлама өтті. Атаулы мерекені «Славян мәдени орталығы» этномәдени бірлестігі мен «Қазбат ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен ұйымдастырды. Оған студенттер, қалалық мектептердің ұстаздары мен оқушылары, әскерилер мен бітімгершілік миссиясының қатысушылары, барлығы 300-ден астам адам қатысты.
1989 жылы Кеңес Одағы өз әскерлерін Ауғанстаннан шығарып жіберіп, одақтас мемлекеттердің шекаралары ашық күйінде қалды. 1992 жылдың желтоқсанында Тәжікстанның Жоғарғы Кеңесі тәжік-ауған шекара телімінің күзетін күшейту мақсатында Қазақстанға, Қырғызстанға, Өзбекстан мен Ресейге жүгінді. Тәжік-ауған шекарасы Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің 1300 шақырымға созылып жатқан оңтүстік межесі болып табылады. Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің мүшелігіне кіреді. Шекараның үлкен бөлігі күрделі таулы аймақтарды басып өтеді.
Қазақстандықтар Таулы Бадахшан облысының күрделі шекара телімдерінде қызмет етті. 2001 жылдың 8 ақпаны күні Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша атқыштардың соңғы взводы Тәжікстан Республикасынан шығарылады. Бітімгершілік миссиясының нәтижесі – 1000-нан аса ардагерлер түрлі топтағы мүгедек болып қалды, үйге қайтпай қалғандары қаншама?
Бітімгершілік миссиясының 8 жылы аралығында батальонға 55 павлодарлық шақырылды, оның үшеуі ерлікпен қайтыс болды. Железин ауданының тумалары ескерусіз қалмады, олар: Қанат Едырышов пен Амангелді Жұмабеков. Әскерилер оқыған мектепте мемориалды тақта орнатылған. 2015 жылы 15 қаңтарда Ақсу ауданындағы Шуленбаев орта мектебінде мемориалды тақта орнатылды. Ол марқұм болған үшінші батыр Валерий Сафроновқа арналған.
2007 жылы Душанбе қаласының саябағында тәжік-ауған шекарасын қорғаған қазақстандық әскерилерге арналған мемориалды тақта орнатылды. Ескерткіштің ашылуына қатысқан қазақстандықтардың қатарында әскерилер мен марқым болған жауынгерлердің ата-аналары болды. Тәжікстан Қарулы күштерінің бас штабының басшысы генерал-лейтенант Равил Надиров іс-шараға қатыса отырып, Тәжікстан халқы мемлекет шекарасын қорғаған қазақстандық жауынгерлерді ешқашан ұмытпайтынын айттып, барлық батырларға өз ризашылығын білдірді.
Мерекелік салтанат барысында 30 павлодарлық қазбат әскерилеріне мерекелік медальдар табысталды. Медальдарды табыстау салтанатына Павлодар қаласының әскери комиссары, полковник Николашин Олег Владимирович және әділет генералы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккері Фалеев Дмитрий Никофорович қатысты.
«Мемлекет шекарасын қорғау әрқашан маңызды және мәртебелі болып табылады. Сол жылдары жауынгерлеріміз Отан тыныштығы оларға тікелей байланысты екендігін түсінді. Біздер тез арада жұмылып, жоғары дәрежелі әскерилерді жолдадық. Олар Ұлы Отан соғысына қатысқандардың немерелері, Ауған соғысына қатысқандардың бауырлары мен балалары, әрқашан ел қорғауға дайын тұратын адамдар. Батырлардың барлығы өз міндетін абыроймен орындады» - деп, Фалеев Дмитрий Никофорович залда отырған барлық қазбат әскерилеріне ризашылығы мен алғысын білдірді.
Айтпаев Мақсат
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Алматы қаласындағы А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директорымен кездесуі өтті
-
«Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары Душанбедегі Тәжікстан мен Қазақстан жастары форумының жұмысына қатысты
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Қостанай: Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференцияда ғалымның жаңа қырлары ашылды
-
Семейлік меценаттардың арқасында 150 бала спорт мектептерінде тегін жаттығуда
-
Елена Пак: Ұлы Абайдың 150-ден астам өлеңі мен бір поэмасын жатқа білемін
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Алматы қаласындағы А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директорымен кездесуі өтті
-
«Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары Душанбедегі Тәжікстан мен Қазақстан жастары форумының жұмысына қатысты
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Қостанай: Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференцияда ғалымның жаңа қырлары ашылды
-
Семейлік меценаттардың арқасында 150 бала спорт мектептерінде тегін жаттығуда
-
Елена Пак: Ұлы Абайдың 150-ден астам өлеңі мен бір поэмасын жатқа білемін