Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2020

1062

БҚО-да Сәкен Ғұмаровтың шығармашылығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды

БҚО ҚХА Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музей бөлімі Сәкен Ғұмаров музей-үйінің ұйымдастыруымен ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, авангард суретші, театр қайраткері Сәкен Нәжімеддинұлы Ғұмаровтың шығармашылығына арналған «Ұлттарды біріктірген егіз өнер» атты әдеби–танымдық іс-шарасы өткізілді.

ҚР Тәуелсіздігі күні аясында өткізілген бұл шарада БҚО ҚХА Достық клубтарының мүшелері, әртүрлі ұлт өкілдері суретшінің туындыларына сәйкес белгілі ақын-жазушылардың өлеңдерін оқыды.

Аталмыш шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы М.М.Қамбетов пен БҚО тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары А.Б.Берікқалиева Сәкен Ғұмаров шығармаларын өзге ұлт өкілдері арасында кеңінен таныстыру, мемлекеттік тіл мəртебесін көтеру, балаларды шығармашылыққа тарту жөнінде сөз сөйлеп, шараға белсене атсалысқандарды марапаттады.


Кейін қарай