Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Желтоқсан, 2020

767

БҚО ҚХА мемлекеттік Туға арналған акция өткізді

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қала тұрғындарын «Менің туым – менің Отаным!» акциясына белсенді қатысуға шақырды.

Акция аясында Отанымызға құрмет пен патриотизмнің символы ретінде тұрғын үйлерге 17 дана мемлекеттік Ту ілінді.

- Достығымызды, бейбітшілік пен келісімді сақтау мен нығайту әрқайсымызға байланысты, сондықтан аталған акция жас ұрпақтың бойында ұлттық туымызға деген мақтаныш сезімін оятуға қызмет ететіне сенімдіміз, -деді БҚО "Масис" армян этномәдни бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян.


- Біз, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облысымыздың барлық тұрғындарын, әрбір отбасын, әрбір азаматты, біздің бастамамызды қолдай отырып, мерекелік және патриоттық игі акцияға белсене қатысуға шақырамыз», - деді - шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы акцияға белсене қатысқан тұрғындарға алғысын білдіреді.


Кейін қарай