Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қаңтар, 2021

2364

БҚО ҚХА ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында кездесу өткізді

Оралда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Бірлік пен жасампаздықтың 30 жылы» атты онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Шараға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамды келісім кеңестері, этномәдени бірлестіктері мүшелері мен облыстық кітапханалар жүйесінің өкілдері қатысты.

Диалог алаңында бас қосқандар Тәуелсіздік таңында құрылған, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішінде жасаған жұмыстары мен тарихи жетістіктері туралы айтты. Елімізде бейбітшілік пен келісімді қолдаудың тиімді тетігіне, сондай-ақ Қазақстанның жаңа бірегей қоғамдық және мемлекеттік институтына айналғаны туралы сөз болды.

Шара қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі мен облыстық кітапханалар жүйесі арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірқатар шаралар мен кездесулер, көрмелер өткізу бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, жоспар дайындалды.

Кейін қарай