Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Желтоқсан, 2014

955

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТ

2014 жылғы 24 желтоқсанда сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің конференц залында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықованың төрағалағымен ҚХА жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.

2014 жылғы 24 желтоқсанда сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің конференц залында (Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54) Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықованың төрағалағымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.
Кеңес жұмысына Мемлекеттік комиссияның мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстады.
Отырыста Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары Б.Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары И.Рогов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі, Комиссия төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Е.Бабақұмаров баяндама жасайды.
Отырыс барысында 2015 жылға арналған мерейтойлық іс-шараларды жүзеге асыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы  жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша дайындық барысы туралы мәселелер қаралады.
Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 20 жылдығын, Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын қоса алғанда, 2015 жылға арналған мерейтойлық іс-шаралардың жоспарларын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру және өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

Тіркелу үшін телефондар: 75-00-70, 74-55-69

 

Кейін қарай