
14 Қыркүйек, 2016
945
Басты басымдық
Жамбыл облыстық медициналық колледжінде облыстық «Орыс орталығы» орыс этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы - ұлттық құндылық және мемлекеттің тұрақтылығы» атты тақырыпта конференция өтті. Онда студенттермен кездесуге қоғамдық бірлестіктің төрайымы Елена Горбунова және өңірлік ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова келді.
Елена Горбунованың айтуынша аталған конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын қадірлеуді насихаттау болып табылады. «Отбасындағы жылудың сақтаушысы ретінде біз, аналар, мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, балаларымыздың тәрбиесіне, отбасымыздың бірігуіне, әрбір шаңырақта татулық пен келісімнің орнауына жауаптымыз. Әрбір әйел адал жар, жақсы ана және инабатты келін болуы үшін шыдамды, төзімді бола білуі керек. Себебі әйел - отбасының ұйытқысы», - деп өз ойымен бөлісті Мухаббат Сайдулақызы.
Кездесу бейресми, еркін ақпарат алмасу түрінде өтті. Іс-шара барысында бала тәрбиесіне қатысты, оларды қазіргі заманғы әлемде әлеуметтендіру, этносаралық келісімді нығайту, азаматтық бірегейлік туралы маңызды сұрақтар талқыланды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
-
«Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбындағы облыстық эссе байқауы
-
Басты міндет – ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ел бірлігін нығайту
-
Жастардың бастамалары басты назарда
-
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ – БӘРІМІЗ БІРІМІЗ ҮШІН, БІРІМІЗ БӘРІМІЗ ҮШІН
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдықтарын айқындап берді
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
-
«Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбындағы облыстық эссе байқауы
-
Басты міндет – ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ел бірлігін нығайту
-
Жастардың бастамалары басты назарда
-
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ – БӘРІМІЗ БІРІМІЗ ҮШІН, БІРІМІЗ БӘРІМІЗ ҮШІН
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдықтарын айқындап берді