Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Ақпан, 2023

140

Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс

Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда тұрақты кездесулер мен ең жоғары деңгейдегі келіссөздер жетекші рөл атқарады.

2020 жылғы 26 мамырда Ресей тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар COVID-19 пандемиясына қатысты қазіргі ахуал мен індеттің таралуына қарсы күреске байланысты екі елдің қабылдаған шаралары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастықты талқылады.

Әңгіме соңында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды. Қазақстан Президенті шақыртуды ризашылықпен қабыл алды.

2020 жылғы 20 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді.

Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды. Мемлекет басшысы аталған іс-шараның сапалы әрі мазмұнды болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

2020 жылғы 7 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан Президенті аталған датаның фашизмге қарсы иық тіресіп соғысқан бұрынғы Кеңес Одағының барлық халқы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, екі елдің ардагерлеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Ресей Президенті Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, жүрекжарды сәлемін жолдады.

Тараптар коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесін талқылау кезінде екі елдің осы бағытта тығыз ықпалдастық орнатқанын айтты.

Владимир Путин Қазақстан Үкіметінің індетке қарсы күрес жөніндегі шешімдері мен іс-қимылдарын Ресей тарапы мұқият бақылап отырғанын жеткізді. Осы ретте Ресей Президенті елімізде жүргізіліп жатқан халыққа, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын жоғары бағалап, барлық іс-әрекеттің дер кезінде қабылданып, тиімді жүзеге асқанын атап өтті.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы уақытта өтетін отырысына дайындық мәселелерін талқылады.

2020 жылы 20 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары шекаралас елдердегі коронавирустың таралуына тосқауыл қою жөніндегі іс-қимылдарға қатысты мәселелерді талқылады.

Президенттер Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің белсенді байланыстарын атап өтіп, екі елдің атқарушы органдары іс-әрекеттерінің үйлесімділігін күшейтуге байланысты ортақ пікір айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге сынама-жүйесінің 40 мың жиынтығын бергені үшін ризашылығын білдірді. Ресей Президенті өндірістің ұлғаю мүмкіндігіне қарай гуманитарлық көмек ретінде берілетін сынама-жүйесінің жиынтықтар санын арттыра түсетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Ресей арқылы келетін және шекаралық аймақтағы Қазақстан азаматтарының қайтуына ықпал етуді сұрады. Владимир Путин туындаған мәселені шешуге Ресей үкіметі көмектесетінін айтты.

Ресей Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің және Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылдарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін конституциялық реформалардың табысты жүзеге асырылуымен құттықтап, жалпыұлттық дауыс берудің оң нәтиже беретініне сенім білдірді.

2020 жылы 10 наурызда Кездесуде Елбасы Ресей барлық сала бойынша Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті.

Әңгіме барысында тараптар ЕАЭО аясындағы серіктестік мәселелерін талқылады.

– Интеграциялық бірлестік жұмыс істеп жатыр және оның болашағы зор деп санаймын. Құрметті Төраға ретінде мен одақтың одан әрі дамуына өз үлесімді қосамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі ел арасындағы қатынастар тату көршілік пен одақтастық рухында және қағидаттарына сәйкес дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентінің интеграциялық процестерді дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

– Біз саяси диалогты жалғастырып келеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесіп отырамыз. Біздің елдеріміздің үкіметтері қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда 19,7 пайызға артып, 20 миллиард долларға жетті. Бұл жақсы көрсеткіш, - деді Ресей Президенті.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, әлемдік көмірсутегі нарығындағы ахуал туралы пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне барды. Нұрсұлтан Назарбаев ректор В.Садовничиймен кездесіп, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасыкітапханасының еуразиялық интеграция идеясына арналған көрмеэкспозициясыментанысты және университет музейін аралап, Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

2020 жылы 6 наурызда Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дмитрий Медведев екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын қарастырды. Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.

2020 жылы 6 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті. Кездесуде Елбасы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

– Біз Сізбен ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеміз. Әрқашан тіл табысып, арамызда түсіністік орнады. Мен Президент ретінде өкілеттілігімді тоқтатқанымды білесіз. Енді мен заң бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы мәртебесіне ие болдым. Екеуміз тағы да әріптес болдық. Сондықтан, жұмыс істейік, сыртқы саясат бойынша пікір алмасайық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты.

– Менің әрбір жаңа мемлекеттік қызметім сыртқы саясат тұрғысынан Қазақстанға сапармен басталып келеді. Ол кездейсоқтық емес. Бұл біздің одақтастық қатынасымызды білдіреді, сонымен қатар, Сізге деген құрметімнің белгісі, – деді Д.Медведев.

Әңгіме барысында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы кеше Мәскеуде өткен Ресей мен Түркия көшбасшыларының Сирия мәселесі бойынша келіссөздерінің қорытындысын қолдайтынын айтты. Елбасы мүдделі тараптардың Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін Астана процесінің жалғасуына бейілділігі айрықша маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасы көрмесінің экспозицияларымен танысты.

2020 жылғы 1 ақпанда Ресейдің Премьер-Министрі Михаил Мишустин Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қасым-Жомарт Тоқаевпен, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен.


Қазақстан Республикасының

Ресей Федерациясындағы Елшілігі

Кейін қарай