Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Тамыз, 2017

948

«БЕРЕКЕ КӨЗІ - БІРЛІКТЕ» жобасы

«Азаматтар бастамаларын қолдау орталығы» ҰАҚ қолдауымен «Гуонлён» жастар орталығы «Береке көзі - бірлікте» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба шеңберінде 2017 жылғы 3-ші тамызда Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстандық Қазақстанхалқы Ассамблеясымен бірлесіп «СҚО этностарымен ұлттық киімдерді көрсетуімен Солтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірігу Қазақстандық моделі» ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Іс шараның мақсаты: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаланы қолдау, тәжірибе алмасу, жақсартылған аумақаралық ынтымақтастық, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың маңызды факторы болып тұрған Қазақстан қоғамында этноконфессионалдық келісімді сақтау үшін Конференция көрсеткіш үлес қосты.

Конференцияда СҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Аққайын, Қызылжар, Мамлютка аудандарының делегаттары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция бағдарламасында этномәдени бірлестіктер өкілдерінің ұлттық киім көрсетуі, конференцияда хабарласу, қатысушыларды алғыс хаттар мен құндылықты сыйлықтармен марапаттау рәсімі болды.

Дата события ассамблеи: 07.08.2017

Кейін қарай