Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2015

1130

«Бес реформа және жүз қадам – болашақтың тұғырнамасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің хабарламасы

Өтетін күні, уақыты: 2 маусым, сағат 15.00

Өтетін орыны: Ақтөбе қаласы Ә.Молдағұлова даңғылы 34. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғимараты, 4 қабат, конференция  залы.

Ұйымдастырушы: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  мемлекеттік университетінің әкімшілігі, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы.

Модераторы: - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  мемлекеттік университетінің проректоры,п.ғ.д Т.Ә.Ботағариев кіріспе сөзбен ашып, Қазақстан халқы Ел басы Н.Назарбаев тарапынан ұсынылған бес институционалды реформаны ыстық ілтипатпен қабылдады. Аталған реформаның мемелкеттің алға қарай қарышты қадам басуына, білікті де білімді кадрлар дайындауға ықпалын тигізетіні рас. Әлеуметтің әулетін арттырып, егемендіктің тұғырын нығайта түсетін Ұлт жоспары жоғарғы білім беру жүйесіне де үлкен жауапкершілік жүктейді деп атап көрсете келіп сөзді - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Білім және тәрбиенің дүниетанымдық және әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Ә. Айталыға берді.Ол «Біртектілік пен бірлік. Азаматтық және ұлттық (этностық) біртектілік мәселелері»  бойынша сөйледі. Қазақ елін өзге жұрт қонақжайлылығы, кішіпейілдігі, кісілігі мен кішілігі үшін қадірлейтіні белгілі. Осы тамаша адами қасиеттер бізге ата-бабадан құнды мұра болып қалған тамырларымызға тараған. Қазақтын тағы да бірден көзге түсер қасиеттері шыдамдылық, кеңдік пен сабырлылық, қанағатшылдық және рақымшылдық, сыпайлылық. Осы ұғымдар біздің қазақ халқының бір тектілігін көрсетеді деп атап көрсетті. Бір тектілігі жөнінен Америка,Еуропа елдерінің тарихынан мысалдар келтірді.

 Жүніс Б.А. – экономика және құқық институтының директорының орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты.  «Формирование профессионального государства – веление времени» тақырыбын қозғай отырып, кәсіби мемлекеттін қалыптасу жолдарына нақтылы мысалдар келтіріп, талдаулар жасады. Содан кейін сөз алған Бекназаров Р.А. - «Тарих және аймақтану» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы. «Ақтөбе облысындағы туризмнің даму мүмкіндіктері» тақырыбына өз пікірін ортаға салды.    

Карабала К.Ш.-«Қоғамдық келісім» КММ-нің мониторинг және сараптама бөлімінің басшысы. «Мәңгілік ел – 100 нақты қадам ұлттық бағдарламасының негізі» тақырыбында баяндама жасап, Мәңгілік Елдің түп тарихына тоқталды.

Доңгелек үстелді Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Ж.М.Нұршин қорытындылады.

 

Шараға қатысқандар: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  мемлекеттік университетінің профессорлық - оқытушылық құрамы, студенттер, ҚХАХ, «Қоғамдық келісім» КММ, ЭМБ және БАҚ өкілдері.

Шараға 67 адам қатынасты.

 

 

       «Қоғамдық келісім» КММ басшысы                     Г.Шерниязова

Кейін қарай