
31 Наурыз, 2017
1438
Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін ілгерілету жөніндегі өңірлік семинар
29 наурызда Петропавл қаласының М. Қозыбаев ат. СҚМУ-да бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін ілгерілету жөніндегі өңірлік семинар бастау алды.
Семинарды ұйымдастырушылар – Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында тыңдарманның қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәсіби білімі мен дағдыларын арттыру. Семинарға қатысушылардың құрамына этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас, жастар саясаты, білім беру саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы азаматтық секторының өкілдері кірді.
Семинардың бірінші сабағын облыс әкімі аппаратының басшысы – модератор Қожахмет Мадияр ашты.
ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары, ҚХА ҒСК мүшесі, әлеуметтік жұмыстар кандидаты Талғат Жакиянов семинарға қатысушыларды дәріскерлермен таныстырып, аталған дәрістердің басты мақсаттары мен міндеттерін атады.
ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы, Гумилев ат. ЕҰУ кафедра меңгерушісі, ҚХА ҒСК мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Башмаков «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту» тақырыбында сөз сөйледі.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Әлеуметтік бастамаларды талдау және болжау орталығының басшысы, профессор, философия ғылымдарының докторы Қазбек Қазкеновтың дәрісі аса қызықты болды. Көрермендермен әңгіме барысында ол қарапайым өмірлік жағдайларды – әлеуметтік өмірдің негіздерін, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы қоғам болашағына қалай әсер ететіні жөнінде айтты. Профессордың сөзінше, кез келген жаһандық жаңғыру әр азаматтың сана-сезімінің өзгеруінен басталады. Ал бұл отбасыдағы тәрбиеге байланысты болады.
Гульмайдан Урозбаева өткізген тәжірибелік дәріс - тренинг тез арада пікірталасқа ұласты. Медиацияны дамыту және әлеуметтік жанжалда медиация технологияларын қолдану бүгінгі күні өзекті тақырып болып табылады. Сондықтан медиаторлардың жаттықтырушысы, "Control Education Center" оқыту орталығының директоры медиатордың жанжалдасқан тараптармен кездесуі барысындағы іс-әрекетінің қадам алгоритмін баяндады.
Семинардың алғашқы күнін ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко тәмамдады. Ол Қазақстан халқы ассамблеясының басты міндеттері және еліміздің үшінші жаңғыруын іске асыру жайында айтты.
Семинардың екінші күні секциялар бойынша жұмыстан басталды. Қызықтыратын тақырыпты таңдаған соң қатысушылар дәріскерлер күтіп отырған аудиторияға бет бұрды. Барлығы төрт секция болды, атап айтқанда «ҚХА-ның өңірлердегі қызметі: негізгі бағыттары мен басымдықтары», «Діни бірлестіктердің қазақстандық бірегейлікті нығайтулағы рөлі», «Жастар арасында қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту» және «Этносаралық қарым-қатынастар саласын ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу».
Қазақстан халқы ассамблеясының және оның бөлімшелерінің жұмысы саласындағы он беске жуық маман оқытушылар ретінде Солтүстік Қазақстанға келді. Дәріскерлер баяндамалар оқумен қатар, өз өңірлеріндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Секциялық жұмыстар барысында Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, медиация институты, ғылыми-сараптамалық топ, жастар ұйымдары және діни бірлестіктер жұмысының әдістері, негізгі бағыттары мен ерекшеліктері қаралды. Дәріс қорытындысы бойынша фокус-топтың жұмысы өткізілді, онда қатысушылар өз пікірлерімен бөлісуге, ұсыныстар енгізуге және өз жұмысы барысында тап болған проблемалық мәселелерді атауға мүмкіндік алды.
Семинарға қатысушылардың айтуынша, аталған іс-шара бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын, ҚХА «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасын іргерілету бойынша жақсы үлгі алатын орын болып табылады. Әсіресе жас мамандар мен СҚО ҚХА жастар қанатының мүшелеріне қызықты болды. Олар этносаралық қарым-қатынас, мемлекеттік саясат және көрші өңірлердегі жастар ұйымдарының жұмысы саласында мол жаңа білім алды.
Семинар соңында әр қатысушы бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін дәріптеу және ілгерілету жөніндегі өңірлік семинарды ойдағыдай аяқтағанын растайтын сертификат алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті