05 Тамыз, 2015
1065
Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы
2015 жылдың 5 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақбұлақ ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған ауқымды іс-шара өткізіліп, оған ауданның 200-ден астам тұрғыны және де Петропавл қаласынан келген қонақтар қатысты.
2015 жылдың 5 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақбұлақ ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған ауқымды іс-шара өткізіліп, оған ауданның 200-ден астам тұрғыны және де Петропавл қаласынан келген қонақтар қатысты. Аталған іс-шара Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы шеңберінде өткізілді. Бағдарлама мазмұнды да қызықты болды. Сонымен, қонақтарға ауданның этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының және Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен екі сағаттық концерттік бағдарлама, сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық тағамдардың жәрмеңке-көрмесі, ауданда тұратын түрлі этностардың түрлі салт-дәстүрлері, шеберлік-кластары, спорттық сайыстар ұйымдастырылып нағыз мерекеге айналды.
Қонақтарға арнап жайдарлы қабылдау ұйымдастырылды. Түрлі этнос өкілдері ұлттық киімдерімен қонақтарды әнмен, бимен қарсы алды.
Салтанатты бағдарлама басталар алдында Уәлиханов ауданының әкімі Аман Төрегелдин шығып баяндама жасады.
«Жүзден аса түрлі ұлттың өкілдері Қазақстанды өз отандары деп есептеп, елдегі тыныштықты мақтан етеді. Осы ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының айрықша орнын атап өткен жөн. Ассамблеяның жұмысы нәтижесінде біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің бірегей үлгісі қалыптасты», - деді ол.
Уәлиханов ауданында 11 этностың өкілдері тұрып жатыр, тұрғындардың 89% қазақтар. Алайда бұл жаңа этностық орталықтардың құрылуына еш кедергі жасамайды. Сонымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы шеңберінде ауданда 10 жаңа этномәдени бірлестік ашылып, қазіргі саны 13-ке жетті. Бұлар: славян, қазақ, украин, татар және т.б. орталықтары. Барлығының атқаратын міндеті бір – бейбітшілік пен келісімді сақтау, барлық этностардың салт-дәстүрлерін жаңғырту, тілін, тарихын және мәдениетін оқып-үйрену.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль Камильевич аудандағы этномәдени бірлестіктері қызметінің оң резонансын атап өтті.
Салтанатты іс-шарадан соң қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы болып табылатын аудан әкімі қоғамдық қабылдау жасады. Тұрғындар Кеңес мүшелеріне тұрғын-үй-тұрмыстық жағдайларға, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, өтініш жасады. Кеңес отырысына Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары қатысты.
«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері ауданның этномәдени бірлестіктің басшылары және мүшелері үшін орталықтардың ары қарай дамуына қажетті оқыту семинар-тренингін өткізді. Семинар мақсаты жаңа заманауи тәсілдер мен әдістер бойынша жұмысты ұйымдастыру жолымен этномәдени бірлестіктер қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Семинарға қатысушыларға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, этносаралық жетекші эксперт Әбуов Нұрболат Әскерұлы баяндама жасады. Этномәдени бірлестіктердің әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға қатысуы туралы тәжірибесімен «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі, «Қоғамдық келісім» КММ бас эксперті Салмұрзин Сағындық Досмақұлы бөлісті. Жетекші сарапшы-аналитик Литт Ирина Владимировна семинарға қатысушылармен түрлі тренингтер мен ойындар ұйымдастырып, команда құру және ұжымды жұмылдыру бойынша жұмыс жүргізді. Көпшілік іс-шаралар, тілдерді және этностар мәдениетін дамыту бөлімінің басшысы Қазиева Жадыра Жандосқызы тілдерді үйретудің, соның ішінде мемлекеттік тілді үйренудің жаңа әдістері мен технологиялары туралы баяндады. Жетекші сарапшы-әлеуметтанушы Чернышова Мария Петровна «Этномәдени бірлестіктер жұмысын ұйымдастырудың заманауи түрлері» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар-тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді, сондай-ақ үлестірме материалдар таратылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған іс-шара достық пен түсіністік ахуалында өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
сегодня, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
сегодня, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті